Тіл туралы заң: қоғамдық тамақтану орындарына қандай талап қойылады?
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Елде шекара маңындағы аумақтарды дамыту бойынша жеке заң әзірленеді.
Ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асады. Бұдан бөлек экономиканың нақты секторын қаржыландыру көлемі артады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді. Сондай-ақ ол Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен кеңесте, әділ және тиімді салық жүйесін дамыту және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жұмыстары туралы да айтты. Сонымен қатар жиында Президенттің Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларының орындалу барысына тоқталды.
Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі:
- Мемлекет басшысы экономикалық өсудің жаңа нүктелерін құруды және өңірлік дамудағы дисбалансты жоюды тапсырды. Осыған байланысты биыл экономиканың нақты секторын қаржыландыру 8 трлн теңгеге дейін ұлғайтылатын болады. Кейінгі жылдары нақты секторларды қолдау көлемін 10 трлн теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда.
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Альбина Ержанова, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының тас және қола дәуірі археологиясы бөліміні ...
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...