• 18-03-2025

"Болашақ" стипендиясы: 89 сот сарапшысы тағылымдамадан өтті

Әділет министрлігі сот-сараптама қызметі саласында жоғары білікті кадрларды даярлауды стратегиялық басымдық ретінде қарастырады .

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы директорының міндетін атқарушы Бақытжан Байтілесов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алынған білім мен озық халықаралық тәжірибе сарапшыларға қазіргі заманғы сын-қатерлерге жауап беретін күрделі кәсіби міндеттерді шешуде инновациялық әдістерді енгізуге мүмкіндік берді.

Оның айтуынша, 2014-2023 жылдар аралығында 82 қызметкер "Болашақ" стипендиясын алып, Ұлыбританияның алыдыңғы қатарлы университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

Алынған білім мен озық халықаралық тәжірибе сарапшыларға қазіргі заманғы сын-қатерлерге жауап беретін күрделі кәсіби міндеттерді шешуде инновациялық әдістерді енгізуге мүмкіндік берді.

"2024 жылы біліктілікті арттыру бойынша жұмыс жалғасып жатыр. 3 қызметкер Ұлыбританияға, 4 қызметкер АҚШ-қа тағылымдамадан өтуге жіберілді", – деп толықтырды Бақытжан Байтілесов.