
Бұл туралы депутат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын іске асыру – мемлекеттік құрылыстың жаңа тарихи кезеңіне арналған Мәжілістің жалпы отырысында айтты.
– Осыдан алты жыл бұрын егер біреу мұғалімдердің жалақысы екі-үш есеге өседі, бастауыш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беріледі, қарапайым жұмысшы мамандық иелері Ақордадан мемлекеттік марапаттарға ие болады, Ұлттық қордың қаражаты барлық балалардың шотына аударылады десе, бұған сену тұрмақ, көпшілік бізді орындалмайтын арманды сөз етті деп сөгер еді. Бірақ заман өзгерді. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағыттарды көрсетіп қана қойған жоқ, оған апаратын нақты жолды салып, іске асырды, – деді А.Аймағамбетов.