
Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубының» экс-директоры К. Донсебаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ол оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде клуб футболшыларының тамақтануына бөлінген 31,9 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Залалдың толық өтелуіне және сотталушының ауыр сырқатының болуына байланысты Донсебаев 7 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды. Сонымен қатар, енді ол мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде өмір бойы қызмет атқара алмайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі үкімнің заңды күшіне енгенін мәлімдеді.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Президент: жұртқа ақыл айтып ақша табатын жалған психологтар мен “коучтар“ көбейіп кетті
14.03 -
-
-
-