
2025 жылдың 20 наурызында түстен кейін Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Іле ауданы Боралдай елдімекеніндегі өнеркәсіптік аймақ территориясында орналасқан қойманың өртенгені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық ТЖД қоймада тамақ өнімдері мен автомайлар сақталғанын нақтылайды.
"Қызыл жалын шарпыған аумақ шамамен 600 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел іс-қимылдарының арқасында от қойманың бүкіл алаңына және жақын тұрған үш қабатты әкімшілік ғимаратқа таралуына жол берілмеді, өрт сағат 17:17-де оқшауланды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", — делінген өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарламасында.
Өрттің шығу себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімі оқиға орнына жіберілді.
Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД-нің 34 қызметкері мен 13 техникасы, Алматы қалалық ТЖД-нің 6 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Алматы облысының ТЖД өнеркәсіптік нысандар мен қоймаларда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.
TOP
-
ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды
21.03 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-