Дариян ауылының тұрғындары Ұлыстың ұлы күнін тойлап жатыр
Ұлыстың ұлы күні Оралдан 25 шақырым қашықтағы Дариян ауылында ақшаңқан киіз үйлер тігіліп , қолөнер туындыла ...
«Ырыс алды – ынтымақ». Қазақстан халқын ұйытып отырған да осы. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған отандастарымыз бірліктен асқан байлық жоқ деп біледі. Наурыз мейрамына орай ассамблея өкілдері елордадағы Достық үйінің алдында бас қосты.
Наурыз – Қазақстан халқына ортақ мейрам. Өзге ұлт өкілдері Достық үйінің алдында ақшаңқан киіз үйлер тігіп, Ұлыстың ұлы күнін атап өтті. Әсем ән әуелеп, күй төгілген думанға жиналған қауым ұлттық киімдерін киіп келіп, салт-дәстүрін көпшілікке көрсетті.
Шерзод Полатов, Астана қаласы өзбек этномәдени орталығының төрағасы:
- Наурыз мейрамымыз осы біздің ұлттық құндылығымыз деп айтсақ болады. Осы Наурыз мейрамымыздың аясында, біз көріп отырмыз, қаншама ұлт, ұлыстар бірлесіп, бірге тойлап келе жатыр. Бұл қазіргі күнде ортақ мейрамымыз. Осындай ортақ құндылықтарымыздың арқасында біз бірлігімізді әрі қарай күшейте аламыз және де осындай құндылықтарымызды жастарға да көрсетсек, жастарды да осындай шараларда бастарын қоссақ, мен ойлаймын, болашағымыз да біздің бірлігіміз мықты болады деп айтқым келеді.
Иә, Наурыз — бірлік пен ынтымақтың мейрамы. Тағдырдың жазуымен қазақ жеріне қазығын қаққан отандастарымыз осы уақытқа дейін достықтың ерен үлгісін танытып үлгерді. Қиын-қыстау кезеңде бір-біріне қол ұшын созып, қиналғанда көмек беруді азаматтық борышымыз деп санайды.
Сергей Садықов, Астана қаласы «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы төрағасының орынбасары:
- Қазақ жолдастарға денсаулық, бақытты болсын! Бәріңізге рақмет! Біз мында тұрамыз, Қазақстанды отанымыз деп көреміз.
Достық үйінің алдындағы думан көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жастар алтыбақан теуіп, балуандар шын мықтыны анықтады. Білекті жігіттер қол күрестіріп, кір тасын көтеруде сынға түсті. Ал бір-бірін көптен көрмеген астаналықтар құшақ жая көрісіп, игі тілектерін білдіріп жатты.
Авторлары: Нұрқанат Қанапия, Арман Ақшабаев
Ұлыстың ұлы күні Оралдан 25 шақырым қашықтағы Дариян ауылында ақшаңқан киіз үйлер тігіліп , қолөнер туындыла ...
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты, Тәжік ...
Іс-шараға ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің профессор-оқытушылар құрамы, қазақстандық магистранттар, Тәжікстан, Қырғыз ...