• 21-03-2025

Күн мен түн Сатурнда да теңеледі

Наурыз мерекесі ежелден табиғи астрономиялық мәнге ие. Күн мен түннің теңелуі ғылымда көктемнің келуін білдіреді. Сол себепті көктем мезгілінің келуін әлемнің бірқатар елі ерекше құбылысқа балап, думандатып қарсы алады.

Күн мен түн теңелгенде Балық шоқжұлдызы аунап түседі

Күн мен түн теңелгенде Балық шоқжұлдызы аунап түседі. Кей елдерде күн мен түннің теңелгенін осы құбылыстан байқайды. Қазақ халқы да ертеде Күннің Балық шоқжұлдызының тұсынан шығатынын білген. Дәл осы уақытта қыстан аман шыққан елді «Ұзынның ұзарып, жіңішкенің үзілетін шағы» деген. Тіпті әлі күнге дейін қолданылып жүрген «Өлмегенге өлі балық жолығады» деген мақал да осы астрономиялық құбылысқа қатысты деген деректер бар. Осы құбылыс кезінде Күннен Жерге түскен жарық пен көлеңкенің шекарасы Жер меридианымен беттеседі. Сол себепті ежелде көктемгі күн мен түннің теңелуіне ерекше ден қойған. Бұл құбылыс тіршіліктің жаңару мен жасаруы, өсіп-өнуі, өркен жаюымен байланысты. Наурыз мерекесін тойлаудың негізгі идеясы осы. Ал күзгі теңелуде ондай табиғи нышан жоқ.

Күн мен түн Сатурнда да теңеледі

6 айда бір рет, наурызда және қыркүйекте күн мен түннің теңелуі Жердегі күнді екіге бөліп, бізге шамамен 12 сағат күндізгі жарық пен 12 сағаттық қараңғылық береді. Көктемде күн мен түннің теңелуі Солтүстік жарты шарда көктемнің келуін білдіреді. Содан кейін 23 қыркүйекте табиғатта Солтүстіктегі күз мезгілінің келгенін білдіретін күзгі күн мен түннің теңелуі болады. Жер күн мен түннің теңелуін бастан кешетін жалғыз планета емес, бұл құбылыс Күн жүйесіндегі әрбір планетада бар. Сатурн орбитасындағы Кассини зонды 2009 жылы сақиналы планетада күн мен түннің теңелуін тіркеген. Сатурнда да күн мен түн теңелуі әр алты айда болады, бірақ бұл Жердегі 15 жылға тең.

Көктемнің келуін мексикалықтар ерекше күтеді

Күн мен түннің теңесу құбылысын мексикалықтар ерекше күтеді. Халық Чичен-Ица қаласындағы тарихи Эль-Кастильо ғимаратының жанына жиналады. Күн мен түн теңелген уақытта ғимараттан жыланға ұқсайтын көлеңкелі өрнек пайда болады. Осы көріністі көрмекке өзге елдерден туристер де арнайы барады. Күн сәулесі пирамиданың тас баспалдақтарымен жылжып келе жатқандай жылан бейнесіне ұқсас көлеңке түсіреді. Мексикалықтардың егер сіз көктемнің келуін білдіретін осы мерекені пирамидалардың басында тойласаңыз, бойға ерекше қуат бітеді деп сенеді.