Дариян ауылының тұрғындары Ұлыстың ұлы күнін тойлап жатыр
Ұлыстың ұлы күні Оралдан 25 шақырым қашықтағы Дариян ауылында ақшаңқан киіз үйлер тігіліп , қолөнер туындыла ...
Шымкенттіктер де Ынтымақ күнін сән-салтанатымен қарсы алды. Онкүндік Наурызнама аясында этноауыл тұрғызылып, қаз-қатар қазақы үйлер тігілді. Қолөнершілер көрмесі ұйымдастырылып, жөн-жоралғылар мен әдет-ғұрыптар қайта жаңғырды.
Нұрсұлтан Мұхамеджан, тілші:
- Орталық алаңында ұйымдастырылған іс-шара ұлттық сипат алды. Мерекелік көңіл күйді халықтың жүзінен-ақ аңғаруға болады. Этностильде киініп, оюмен өрнектелген заманауи үлгілермен келді. Бірін-бірі құттықтап, ынтымағы жарасқан, бірлігі бекем ел екенімізді көрсетіп жатыр.
Игі тілегі мен ізгі пейілін білдірген жұрт ұлттық спорт түрлерінен жарысқа қатысты. Қазақ күресі, асық ату, арқан тарту сияқты сайыстарда бақ сынап, жүлделі орындарға таласты. Ал киіз үйлерде достық дастарқаны жайылып, көпшілікке наурыз көже, ыстық бауырсақ ұсынылып жатыр. Тағамнан дәм татқан тұрғындар қолөнер шеберлерінің жұмыстарымен танысты. Бұл күні бағалы бұйымдар, ағаштан жасалған тұрмыстық заттар қолжетімді бағада саудаланып жатыр. Оюмен өрнектелген ұлттық киім үлгілері жоғары сұранысқа ие болды. Наурыз тойын мерекелеу аясында балалар да ұмыт қалған жоқ. Олар үшін цирк әртістері өнер көрсетіп, ерекше көңіл күй сыйлады. Музыкалық-театрландырылған қойылымдар, ән мен би барша халықты татулық пен достыққа шақырды.
Наурызнаманың онкүндігі аясында ұлттық сипат алған іс-шаралар мұнымен шектелмейді. Татулық пен бірлікті ту еткен кең ауқымды мерекелік жоспар бар. Ал бүгін кешке осы орталық алаңда эстрада әншілерінің қатысуымен гала-концерт өтеді.
Ұлыстың ұлы күні Оралдан 25 шақырым қашықтағы Дариян ауылында ақшаңқан киіз үйлер тігіліп , қолөнер туындыла ...
Шымкент қаласына мегаполис мәртебесі берілгеннен кейін әкімшілік басқару жүйесі жетілдіріліп, жаң ...
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты, Тәжік ...