Қатты жаңбыр мен боран: демалыс күндері ауа райы қандай болады
Алдағы демалыс күндері ел аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат портал ...
"Қазгидромет" 22-24 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Синоптиктер республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталатынын болжады.
Олардың мәліметінше, батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда жаңбыр жауады, ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, боран, көктайғақ және тұман күтіледі.
Тек Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы болжанған.
Шығыс Қазақстанда 22 наурызда жауын-шашын күтіледі.
"23-24 наурызда Маңғыстау облысында жаңбыр жауады, ал 24 наурызда Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында жауын-шашын болады", — делінген хабарламада.
Алдағы күндері елдің әртүрлі өңірлерінде температура төмендеп, кей жерлерде минус көрсеткішке дейін жетеді.
Батыста түнгі температура 0-5 градустан 3-8 градус аязға дейін төмендейді, ал күндіз 10-15 градустан 7-12 градус жылылыққа дейін түседі.
Оңтүстік-батыста түнде температура 2-10 градустан 0-8 градусқа дейін төмендейді, күндіз 10-18 градустан 5-13 градусқа дейін түседі.
Солтүстік-батыста түнгі температура 3-10 градус аяз, күндіз 2-12 градус жылы болады.
Солтүстікте түнгі температура 5-12 градус аяздан 0-8 градус аязға дейін жоғарылайды, ал күндіз 0-5 градус жылылықтан 0-5 градус аязға дейін төмендейді.
Орталықта түнде 2-10 градус аяз, күндіз 0-8 градустан 0-5 градус аязға дейін салқындайды, ал өңірдің оңтүстігінде 1-6 градус жылы болады.
Шығыста түнгі температура 0-5 градустан 3-12 градус аязға дейін төмендейді, ал күндіз 2-7 градус жылылықтан 3 градус аяз – 2 градус жылылыққа дейін төмендейді.
Оңтүстікте түнде 3-15 градус жылы, ал күндіз температура 17-26 градустан 8-18 градусқа дейін төмендейді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Алдағы демалыс күндері ел аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат портал ...
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынш ...
Бұл туралы Қазгидромет хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты . Атырау облысы: Түнде және таңертең солтүст ...