Қазақстан әлем санасатын елге айналды
Қазақ елінің тәуелсіздігіне — 34 жыл. Тар жол, тайғақ кешу кезеңінен өтіп егемендігін алған мемлекет қазір ...
Маңғыстаулықтар «Қазақ ұлттық киімімен ең көп адам топтасуы» номинациясы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Ерекше шараға бес мыңнан астам адам қатысты. Дала сахнасының алаңына 30 киіз үй тігіліп, көрерменнің ұлттық ойындарда сынға түсуі ұлық мерекенің мән-маңызын арттыра түсті.
Талғат Исламұлы, тілші:
-Амфитеатр алаңында екі қатарға тізілген ұлттық киімдегі көпшілік алыстан көзге түседі. Шапан-шекпен, жадағай киген 6 мыңға жуық маңғыстаулық «қазақтың ұлттық киімін киген ең көп адам жиналысы» аталымы бойынша Гиннесстің рекордтар кітабына жазылу шарасына белсене атсалысты. Ерекше шараға бірқатар тұрғын көненің көзі, асыл мұра ретінде үйде сақталған сырт киіммен келген.
Ләззат Бақытжанқызы, қала тұрғыны:
-2000 жылы қайтыс болған туған әжем. Соның шапаны міне жүз жылдық тарихы бар жәдігер. Сандыққа салып, ұрпақтан ұрпаққа сабақтастығына өзім жаратып, қыздарыма, келіндеріме мұра ретінде сақтап қойған бешпентімді міне біссміллә деп көпшілікке киіп шықтым. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы құтты болсын.
Оңайгүл Көшкінбаева, қала тұрғыны:
- Бұл ішік қаракөлден жасалған. Қазақтың зерін салып, анам өз қолымен осыны тіккен. Бір ғасыр болған күмістер бәрі анамнан келген. Термелі жаулықты да өзі тіккен. Ешкімге де бермеймін. Беруге де болмайды. Өзіміз сақтау керекпіз. Деніміз сау болсын, тек тойлай берейік Наурыз тойды.
Талғат Исламұлы, тілші:
- Көпшілік бірін бірі әз-Наурыз мейрамында ұйымдастырылған тарихи шараның сәтті өтуімен құттықтап жатыр. Біз тұрған дала сахнасында сәлден соң «Жыршылар жырлайды» атты өңірлік өнер байқауы ұйымдастырылады. Ал кешкі сағат 19:00-де қазақстандық өнер жұлдыздарының қатысуымен «Наурыз — жыл басы» атты гала-концерт өтеді.
Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев, Ренат Досалиев
Қазақ елінің тәуелсіздігіне — 34 жыл. Тар жол, тайғақ кешу кезеңінен өтіп егемендігін алған мемлекет қазір ...
Биыл жарты жылда қазақстандықтар 26 млн астам мемлекеттік қызметті үйден шықпай онлайн алды. Азаматтардың тең ...
Ақмола облысында мыңға жуық бала аутизм дертіне шалдыққан. Өкініштісі сол, статистика жыл сайын өсіп барады. ...