Таразда әскерилер Ұлы Отан соғысының ардагерін Наурыз мейрамымен құттықтады
Таразда "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Ержан Ыбыраев Ұлы Отан соғысының ар ...
Жетісу облысында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Ысқақ Құсайынов пен Төлеубай Шектібаев есімді екі ардагері ғана қалды, деп хабарлайды 24KZ. Қайраты қайтып, ұмытшақтық дендегінмен сол бір сұрапыл күндер қарт майдангерлердің әлі есінде. Шама-шарқына қарай есті естеліктерімен бөлісіп, ел-жұртының тілеуін тілеп жүр.
99 жастағы Төлеубай ақсақал соғыс туралы сыр ақтара бермейді. Себебі қан майданның қиыншылығы, жанына салған жарасы жүрек сыздатпай қоймайды. Қария жас күнінен бері қалыптасқан дағдысынан осы жолы да айнымады. Сұрапыл жылдарды еске алғаннан гөрі елге ақ тілегін жеткізуді жөн көрді.
Төлеубай Шектібаев, соғыс ардагері:
- Алдағы өміріміз тыныштық, бейбітшілік, енді қырғын соғыс болмай-ақ қойсын. Бала-шаға ел-жұртмызға тыныштық болсын. Алланың берген бақыты... Қайырлы, бақытты болыңдар.
Қарт майдангер бұрынғы Семей облысының Жарма ауданында 1925 жылы дүниеге келді. 1943 жылы соғысқа шақырылып, арнайы дайындықтан өткен соң артиллерист ретінде Беларусь фронтына жіберілген.
Алмас Шектібаев, соғыс ардагерінің ұлы:
- Венгрияға дейін жетіп, 1945 жылы соғыс бітті. Одан кейін Жапонияда соғысты. Эшелонға тиеп, Жапонияға алып кетті. 1946 жылы үйге қайтты. «За отвагу» медалі бар, «Орден отечественой войны» ордені боевой наградалары бар.
Соғыс ардагері елге оралған соң жоғары білім алып, ауыл шаруашылығымен шұғылданды. Тәжірбиесі толысқаннан кейін қызметте сатылай көтеріліп, совхоз басқарды. Отбасын құрып, жары Розамен бірге жеті бала тәрбиелеп өсірді. Соғыс пен еңбек майданында шыңдалған Төлеубай қария бүгінде мемлекеттен берілген үйде ұл-қызының қамқорлығына бөленіп отыр.
Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев, Олжас Байбосын
Таразда "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Ержан Ыбыраев Ұлы Отан соғысының ар ...
Алматыда Абай әндерін 5 мың адам хормен орындады, деп хабарлайды 24KZ. Наурыз мейрамы мен Ұлы жазушының 180 жылдығ ...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда футболды дамыту мен спорттық инфрақұрылымды жақсар ...