
Павлодар облысында Шолақсор ауылын су басуы мүмкін. Облыс басшысы Асайын Байханов өңірлік ТЖ департаментінің басшысы Рүстамбек Амринмен бірге Ақмола облысының Сілеті су қоймасы мен Ақтоғай ауданының аумағын әуеден тексерді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Басылымның хабарлауынша, әуеден бақылау арқылы Сілеті су қоймасына құйылатын және ағып шығатын сулардың ағыны ескеріле отырып, жиналған судың көлеміне талдау жасалған. Бүгінгі таңда су қоймасында жиналған судың көлемі 201 млн текше метрді немесе 87% құрайды.
"Ақмола облысындағы Сілеті су қоймасынан жіберілетін судың ұлғаю қаупіне байланысты биылғы су тасқыны маусымында Шолақсор ауылын су басу мүмкін деген қауіп бар. Барлық су басу қаупі бар учаске тексеріліп, Сілеті өзенінде санитарлық су жіберу дайындығы, сондай-ақ. барлық су тасқынына қарсы іс-шараны өткізу үшін келген күштер мен азаматтық қорғау қызметі топтарының дайындығы зерделенді", — деп жазады басылым.
Бұған дейін су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздің су қоймаларындағы жағдай туралы ақпарат берген болатын.
TOP
-
-
«Бұл үлкен қасірет»: Шымкент тұрғыны Өзбекәлі Жәнібековтің ескерткіші қойылған орынды сынады (ВИДЕО)
25.03 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-