Қайтарылған активтер есебінен Ақмола облысының 10 ауылында жаңа медициналық нысандар салынады
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызы ...
Елімізде 81 мың дәрігер бар.
Республикада дәрігерлердің 4864 штаттық бірлігі бойынша тапшылық байқалады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің редакцияның ресми сауалына берген жауабында айтылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Министрлік 2020 жылдан бастап 2023 жылды қоса алғанда медициналық қызметкерлердің жалақысы кезең-кезеңімен, яғни жыл сайын арттырылғанын хабарлады. Атап айтқанда, дәрігерлердің жалақысы 30%-ға, орта медициналық қызметкердікі 20%-ға өскен.
"Дәрігердің орташа жалақысы – шамамен 401,5 мың теңге (1-санатты, жұмыс өтілі 13-16 жыл), оның ішінде ауылда – 445,5 мың теңге, ал қалада – 357,5 мың теңге", — делінген ведомство жауабында.
№ 1193 ҚРҮҚ бойынша | 2020 ж | 2021 ж | 2022 ж | 2023-2025 ж | |||
жалақы | жалақы | өсім | жалақы | өсім | жалақы | өсім | |
Дәрігер (еңбек өтілі 13-16 жыл, 1 санатты) | |||||||
орташа | 178,1 | 239,3 | 34% | 310 | 30% | 401,5 | 30% |
қала | 159,2 | 213,3 | 34% | 276,1 | 30% | 357,5 | 30% |
ауыл | 197 | 265,3 | 34% | 343,9 | 30% | 445,5 | 30% |
Министрліктің ақпаратына сүйенсек, жалақыны жыл сайынғы индекстеу заңнамамен көзделмеген. Денсаулық сақтау саласындағы 95%-дан астам ұйымдар шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын ретінде жұмыс істейді.
"Мемлекеттік мүлік туралы" заңға сәйкес, шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындар еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесін, лауазымдық айлықақылардың мөлшерін, сыйақы беру және өзге де сыйақы жүйесін белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде кәсіпорын дербес айқындайды. Осыған байланысты, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын өзінің қызметкерлеріне жалақыларын қаржылық мүмкіндіктеріне қарай дербес көтере алады", — деп хабарлады ДСМ.
Қызметкерлердің жалақы мөлшері жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай сараланып белгіленетіндігін және меншік нысанына байланысты әртүрлі болуы мүмкін екендігін ескере отырып, жоғары жалақы алатын дәрігерлерді нақты атап көрсету мүмкін емес. Сондай-ақ, жалақы мөлшері өңірлер бойынша да осы факторларға байланысты әртүрлі болады, дейді министрлік.
Қазақстанда 81 256 дәрігер еңбек етіп жатыр
"2023 жылдың қорытындысы бойынша дәрігерлер тапшылығы – 4864 штаттық бірлік. Тапшылық келесі бейінді мамандар бойынша көбірек байқалады: терапевт (364,25), жалпы практика дәрігері (290,5), акушер-гинеколог (253,25), анестезиолог-реаниматолог (225), хирург (210,5), дәрігер-лаборант (189,5), педиатр (184,25). 2024 жылдың қорытындысы бойынша ресми статистикалық деректер биылғы сәуірде қалыптастырылады", — делінген ресми жауапта.
№ | Аймақтар | 2023 жылдың қорытындысы бойынша |
Дәрігерлер тапшылығы | ||
1 | Абай облысы | 61 |
2 | Ақмола облысы | 406 |
3 | Ақтөбе облысы | 116 |
4 | Алматы облысы | 53 |
5 | Атырау | 150 |
6 | ШҚО | 157 |
7 | Жамбыл облысы | 168 |
8 | Жетісу облысы | 222 |
9 | БҚО | 228 |
10 | Қарағанды облысы | 131 |
11 | Қостанай облысы | 393 |
12 | Қызылорда облысы | 113 |
13 | Маңғыстау облысы | 280 |
14 | Павлодар облысы | 109 |
15 | СҚО | 377 |
16 | Түркістан облысы | 245 |
17 | Ұлытау облысы | 223 |
18 | Астана қаласы | 702 |
19 | Алматы қаласы | 497 |
20 | Шымкент қаласы | 234 |
Барлығы: | 4864 |
Ауылда жұмысқа орналасуды және тұруды ынталандыру үшін жас мамандарға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға әлеуметтік қолдау ұлғайтылды:
Сондай-ақ 100-еселенген АЕК-ке тең сомада көтерме жәрдемақы да қарастырылған.