• 29-03-2025

Қостанай облысы: Су тасқыны жағдайы бақылауда

Су тасқыны жағдайын бағалау және ықтимал тәуекелдерді болдырмау мақсатында Қостанай облысы ТЖД мамандары Қазгидромет және Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясының өкілдерімен бірлесіп аэровизуалды ұшуды өткізді. Мониторинг Қазавиақұтқару тікұшағының борты арқылы жүзеге асты. Ұшу шеңберінде Қарасу ауданының су айдындары мен гидротехникалық құрылыстары мұқият зерттелді.

Қарасу ауданы Новоселовка ауылындағы су бұру каналына, бөгеттер мен айналма құрылыстарға ерекше назар аударылды. Ұшу нәтижелері бойынша өзендер өз арналарында екендігі анықталды, төгілулер мен су тасқыны жоқ. Еріген суларды бөгеттермен ұсталып, ал қар жамылғылары іс жүзінде жойылуға жақын.

Сурет: inbusiness.kz сайтынан алынды.

Аймақтағы жағдай тұрақты болып қала береді. Шұғыл қызметтер елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, тәулік бойы мониторингті жалғастыруда.