• 14-03-2025

«Астана - Қарағанды - Алматы» автожолы жабылды

Аталған республикалық автожол бөліктері ауа райының нашарлауына байланысты бүгін сағат 17:00-де жабылып, барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды, деп жазады Egemen.kz.

Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының Қарағанды облысы аумағындағы 1353-1426 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Теміртау төлем алу пункті) және Ақмола облысы аумағындағы 1291-1353 шақырым аралығы (Жібек Жолы төлем алу пункті – Қарағанды облысының шекарасы) жабылды.

Жабылған жол бөліктерінің ашылатын уақыты 7 наурыз сағат 07:00-ге жоспарланған.