Шри-Ланка 2025 жылдың басынан бері туризмнен 2,6 млрд доллардан астам табыс түсірді
2025 жылдың алғашқы он айында Шри-Ланка туризм саласынан 2,66 млрд доллар табыс тапты, деп хабарлайды Синьхуа аге ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Өңдеу өнеркәсібіндегі жергілікті өнім үлесін арттыру қажет. Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысында Президент тапсырмаларының орындалу барысымен танысып, осындай міндет қойды. «Бозшакөл» мыс кенішінде жылына 30 миллион тонна кен өңделіп, 105 мың тонна мыс өндіріледі. Дайын өнім шетелдерге экспортталады. Биыл мұнда жас мамандарды даярлауға басымдық берілмек. Үкімет басшысы ірі кәсіпорындарды терең өңделген өнімдер шығару үшін салаға инвестиция құюға шақырды.
Олжас Бектенов, Премьер-министр:
Салық кодексінде жоғары өңделген тауарлар өндіретіндер салықты аз төлейтін қосымша жеңілдіктер қарастырылған. Мұның барлығы өңдеу саласын ынталандыру үшін жасалып жатқан қадамдар. Яғни қаражат өз елімізде қалады деген сөз. Оның үстіне «Қазақмыс» және «KAZ Minerals» сияқты ірі кәсіпорындардың инвестиция салуға мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар Үкімет басшысы Екібастұздағы Қазақстан вагон жасау компаниясының жұмысымен де танысты. Зауытта вагондардың бірнеше түрі жасалады. Өндірістік қуаты айына 240 вагонға дейін көбейген. Бектенов еліміздегі вагондар паркын жаңарту қажет екенін айтты. Ал кәсіпорында жергілікті қамту үлесі 57%-ды құрайды. Оны арттыру үшін үкімет бизнеске қолдау көрсетеді.
Жоламан Ахмедиев, «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС бас инженері:
2025 жыл жұмысшылар мамандық жылы болғандықтан қазіргі таңда зауытымызда оқу орнын ашып, сол 800 қызметкерлеріміздің біліктілігін арттыруға жұмыс атқарып жатырмыз.
Шерхан Жамбылұлы
2025 жылдың алғашқы он айында Шри-Ланка туризм саласынан 2,66 млрд доллар табыс тапты, деп хабарлайды Синьхуа аге ...
Ұлттық статистика бюросының алдын ала дерегінше, 2025 жылдың 10 айында еліміздің Жалпы ішкі өнімі өткен жылдың сәйкес ке ...
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті. Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының "Жасанды ...