Жамбыл облысында жер сілкінісінен 30-ға жуық нысан бүлінді
0:00:00 0:00:00 Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз! Жамбылдағы жер сілкінісінен кейін 30-ға жуық ны ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Бұдан былай футбол, волейбол, баскетбол мен хоккей клубтарында ойнайтын легионерлерге мемлекет тарапынан жалақы беру тоқтатылады. Олардың еңбекақысы демеушілердің мойнына жүктелмек. Бүгін Сенатта тиісті заң жобасы мақұлданды. Қабылданған құжатта тағы қандай нормалар бар? Тілші тарқатады.
Былтыр футболдан премьер-лигада 14 клуб ойнады. Оның ішінде 325 футболшының арасында 149 легионер болған, яғни тең жартысы. Хоккей спортында ахуал тіпті асқынған. Қазір 109 легионер бар. Енді олардың қатары күрт азаюы керек. Легионерлерге мемлекеттің де, квазимемлекеттік сектордың бюджеті есебінен де қаржы бөлуге тыйым салатын норма қабылданды.
Менің ойымша легионерлердің жалақысы қазақстандық спортшыларға қарағанда тым көп, сондықтан берілмегені дұрыс деп ойлаймын.
Өзіміздің спортсмендерді дайындау керек жақсылап.
Елдің ақшасынан емес, жекеменшік ақшадан, сонда ғана бізге легионер керек болмайды.
Енді легионерлерге жалақы демеушілердің есебінен төленеді. Құрамында бірде-бір шетел спортшысы жоқ «Қайсар» футбол клубының басшылығы да бұл бастаманы қолдайды. Дегенмен мәселе де жоқ емес.
Мақсат Байжанов, «Қайсар» ФК спорттық директоры:
Біреулер Еуропа лигасы, конференц лига сияқты өнер көрсеткісі келеді. Ол жақта легионерсіз қиын болады. Қай жерде барсаңыз да легионер бар. Қазақстанда бір ғана Қайратта ғана бар академия. Астанада академия жоқ. Бәрімізде орталық бар. Бірақ ол академия сияқты дайындамайды баланы.
Елімізде бір спорт түрінен бірнеше федерация бар еді. Салдарынан жүйе жоқ, нәтиже де аз. Бүгін қабылданған тағы бір өте маңызды норма, федерациялардың аккредитиация алу тетігі өзгертілді.
Серік Жарасбаев, ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары:
Қазіргі уақытта егер ол бір спорт түрі болса, заң бойынша бір ғана федерация болады. Бір аккредитация болады. Сонымен болды.
Бұрын уәкілетті министрлік 180-нен астам спорт түрін тіркеп қойып, оның барлығына қаржы беріп келген болса, енді олардың саны 3 есеге қысқарады. Ең бастысы ұлттық спорт түрлері басым спорт түрлерінің қатарына қосылды.
Данияр Қасқарауов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Өзіміздің салт-дәстүрімізді дәріптейтін ұлттық спорт түрлері қажет. Осы заңның аясында мемлекет тарапынан қаржы жақсы қарастырылып, спорттың дамуына ерекше көңіл бөлінеді.
Бұдан бөлек «мемлекеттік дене шынықтыру – спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау» ұғымы енгізілді. Енді лауазымды қызметке ұзақ жылдар бойы кенедей жабысқандар ығысады. Тағы бір оң өзгеріс. Бірінші топтағы мүгедектігі бар спортшыны алып жүруге бір көмекші бекітіліп, оның сапар барысындағы барлық шығыны өтелетін болды. Заң жобасында жүздеген ірілі-ұсақты өзгеріс бар. Президент құжатқа қол қойса, тақырыпты әлі тарқата түсеміз.
Азамат Бейбітұлы