Қазақстан-Словения келіссөздерінің қорытындысы туралы баяндалды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар БАҚ өкілдеріне брифинг өткізіп, келіссөз қорытындысы туралы баянд ...
Қазақстан экономикасының қарқынды дамуына берік негіз болатын жаңа энергетика саласын қалыптастыру аса маңызды. Ол үшін елде толыққанды тәуелсіз ядролық кластер құру қажет. Межелі міндетке жету үшін бір емес, үш атом электр станциясы салынуы мүмкін. Құрылтайдағы жиында Президент Үкіметке осындай нақты тапсырма жүктеді. Атқарылуы тиіс ауқымды жұмыстың алғашқысы – ядролық энергетика агенттігін құру. Президент пәрмен берді , әрі қарай бастама қалай іске асады?
Энергия тапшылығы оны үнемдеу мәселесі қазір Қазақстанды ғана емес, әлем елдерін алаңдатып отыр. Сол себепті Мемлекет басшысы ешкімге алақан жаймай, өзіміздің қолдағы мүмкіндігімізді толық пайдалану керектігін айтады. Газ бен көмір өндіру ісі, жаңартылатын қуат көздерінің әлеуетін дамыту Қазақстан энергетикасын бір қадам алға шығаратыны сөзсіз. Межелі міндетке жету үшін министрлік алдағы 10 жылдық дамудың кешенді жоспарын әзірледі. 2035 жылға қарай елде 26 гигаватт электр қуаты өндірілмек.
Дархан Есмағұлов, ҚР Энергетика министрлігінің бас сарапшысы:
- 2024 жылдың қорытындысы бойынша электр энергетикасын өндіру көлемі 117,9 кВт, тұтыну 119,9 кВт/сағ құрайды. Қазіргі таңда ел экономикасын сенімді энергиямен қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын энергия тұтынудың өсуін ескере отырып, жаңа энергия қуаттарын енгізу және жасап жатқан станцияларды жаңғырту жұмыстары талап етіледі.
Бүгінде елде жұмыс істеп тұрған 227 станцияның 56% тозған. Жаңғырту жұмыстарын талап етіп тұрғаны анық. Осыған қарамастан өткен жылы электр энергиясын өндіру көлемі 4%-ке артыпты. Алайда болашақта ауқымды сұранысты жабу үшін қосымша инвестиция тарту қажет. Биыл 621 мегаватт қуат енгізу жоспарланып отыр. Ал 2026 жылы бұл көрсеткіш 2,6 гигаватқа жетеді. 2029 жылға дейін 68 жоба іске асырылмақ.
Дархан Есмағұлов, ҚР Энергетика министрлігінің бас сарапшысы:
- АЭС салу жоспарланып жатыр. Ол біздің біріңғай энергия тапшылығын жоюға өзінің әсерін тигізеді. Дегенмен жоспар бойынша АЭС жаңа генерация тапшылықты жоюдың бір бөлігі ғана.
Ядролық кластер бұл энергетика саласын ғана емес, Қазақстанның экономикалық, технологиялық және халықаралық бағыттағы дамуына жол ашады. Жоспар сәтімен іске асса, мына оңтүстік өңірлердегі электр энергиясы тапшылығын жоюға мүмкіндік бар. Екіншісі, еліміз уран өндіруде көш бастағанымен, оны көп жағдайда шикізат күйінде шекара асырып жатырмыз. Кластер құру бастамасы осы уранды өңдеу, ядролық отын өндіру ісін ілгерлетуге жол ашады деген сенім бар. Сондай-ақ жаңа жұмыс орындары ашылып, жоғары білікті мамандарды даярлау ісі жандана түспек.