Абай облысында көмеймен ән салатын бала бар
Абай облысының Үржар ауданында ерекше өнер иесі тұрады. 10-сынып оқушысы Қуаныш Амангелді көмейімен ән ай ...
Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында өңірде салынып жатқан мектептер құрылысына қатысты жиын өтті, деп жазады Egemen.kz.
Отырысқа «Самұрық Қазына констракшн» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов, облыс әкімінің орынбасарлары, Семей қаласының әкімі, тиісті басқарма басшылары мен мердігер компания өкілдері қатысты.
«Бүгінде облыста «Жайлы мектеп» жобасы аясында 4 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Семей қаласындағы Қарағайлы ықшам ауданында 1200 орындық, Водный кентінде 600 орындық, Бесқарағай ауданының Бесқарағай ауылында 300 орындық мектептің құрылысы толық аяқталған», дейді облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Олардың мәліметіне сүйенсек, Қарағайлы ықшам ауданы мен Бесқарағай ауылындағы мектептерді интернет және электр желісіне қосу бойынша туындаған мәселелер шешілді. Аягөз қаласындағы 600 орындық мектептің құрылысы жалғасып жатыр. Бұдан бөлек аталған жоба аясында Семей қаласының Шығыс кентінде жаңа мектеп салу жоспарда бар.
Жиында «Самұрық Қазына констракшн» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов аймақ басшысына «Жайлы мектеп» жобасы бойынша өңірде салынып жатқан мектептер туралы баяндады.
Ал облыс әкімі жоғарыда аталған мектептердің тапсырыс берушісі «Самұрық Қазына констракшн» басшылығына нысандардың құрылысын мейлінше тездетуді әрі жұмыстың сапалы орындалуын қадағалауда ұстауды тапсырды. әкімі жоғарыда аталған мектептердің тапсырыс берушісі «Самұрық Қазына констракшн» басшылығына нысандардың құрылысын мейлінше тездетуді әрі жұмыстың сапалы орындалуын қадағалауда ұстауды тапсырды.
«Еліміздің басқа өңірлерінде осы жоба аясында ондаған мектеп пайдалануға берілді. Ал біз айналдырған 5 мектепті әлі аяқтай алмай отырмыз. Қаншама ата-ана, қаншама оқушы бұл білім ордаларының тезірек ашылуын күтіп жүр. «Жайлы мектеп» жобасын Президенттің өзі бақылауында ұстап отыр. Сондықтан тапсырыс беруші мердігерлермен бірлесе жұмыс істеп, мектептерді тезірек қолданысқа беріңіздер. Әкімдік тарапынан тиісті көмек көрсетеміз», деді аймақ басшысы.
Расында қазір «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы еліміздің барлық өңірінде жүзеге асып жатыр.
Мәселен, халық саны қарайлас әрі көршілес ШҚО мен Павлодар облысын алайық. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Павлодар облысында 2023-2025 жылдары жалпы 5 мектеп салу жоспарланған еді. 2024 жылы екеуі пайдалануға берілді.
Ал Шығыс Қазақстан облысында «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 5 мектеп былтыр пайдалануға берілді, ал қалған 5 мектептің құрылысы 2025 жылы аяқталады деп жоспарланған.