Қазақстан мен Словенияның сауда-экономикалық ынтымақтастығы кеңейеді
Транскаспий халықаралық көлік дәлізі жобасына Словенияның «Лука Копер» теңіз портын қатыстыру қажет. Бұл мәселені ...
фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Алматы тау шаңғысы кластерімен танысты.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстан мен Өзбекстан президенттеріне Алматы тау шаңғысы кластерін дамыту жоспары баяндалды.
Мемлекеттер басшыларына қала әкімі Ерболат Досаев Іле Алатауының асқаралы шыңдарын көрсетіп, Кіші Алматы шатқалындағы «Медеу» селден қорғау бөгетін салу тарихы жөнінде айтты.
Сонымен қатар президенттерге шетелдік және жергілікті альпинистер мен туристер арасында танымал бағыттар таныстырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев қала әкімінің еліміздегі ең ірі «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты жөніндегі есебін тыңдады. Қазіргі кезде мұнда 5 аспалы жол жұмыс істеп тұр. Ал шаңғы тебуге арналған трассаның жалпы ұзындығы 25 шақырымды құрайды. Былтыр Шымбұлаққа 1,4 миллион адам келген.
Мемлекеттер басшылары Алматының туристік әлеуетіне жоғары баға берді. Олардың пікірінше, әсем табиғат аясында орналасқан және дамыған инфрақұрылымы, сапалы жолы бар тау шаңғысы курорты – Орталық Азиядағы қысқы және жазғы демалысқа лайық ең тартымды орындардың бірі.
Президенттерге Алматы тау кластерін одан әрі дамыту перспективасы туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, «Шымбұлақтың» қазіргі тау шаңғысы трассасын 56 шақырымға дейін ұзарту және жаңадан 65 шақырым инфрақұрылым салу жоспарланып отыр. Бұл Алматы маңайында туристік әлеуетімізді барынша танытатын әлемдік деңгейдегі біртұтас ірі кластер құруға мүмкіндік береді.
Транскаспий халықаралық көлік дәлізі жобасына Словенияның «Лука Копер» теңіз портын қатыстыру қажет. Бұл мәселені ...
akorda.kz Қазақстан мен Словения президенттері шағын құрамдағы келіссөзден кейін кеңейтілген құрамға ойысты. Қасым ...
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызмет ...