Қызылордалық оқушылар донорға арналған смарт-қосымша жасады
Қызылордалық өнертапқыш оқушылар донорларға арналған смарт-қосымша жасады . Жобаның мақсаты- тұрақты донар ...
Жамбыл облысында болған жер сілкінісінен кейін құрылған үкіметтік жұмыс тобы зерделеу жұмыстарын толық аяқтады.
Табиғи апаттан соң 122 тұрғын «баспанамыз бүлінді» деп шағым түсірген болатын. Алайда жүргізілген сараптама нәтижесінде комиссия олардың 110-ын негізсіз деп танып, тізімнен алып тастады. Қалған 12 үйдің 10-ы жөндеуді қажет етеді. Ал екеуі апатты деп танылып, тұруға жарамсыз деп бағаланды. Сонымен қатар Меркі және Тұрар Рысқұлов аудандарында орналасқан 14 әлеуметтік нысанның ішінара зақымданғаны анықталған. Дегемен зерделеу кезінде оның 9-ы тізімнен шығарылып, тек 5 нысан қалды. Әсіресе Меркі ауданындағы аудандық аурухана, ауылдық амбулаториялар, балаларды оңалту орталығы мен бірқатар балабақшаның қабырғаларында сызаттар пайда болған. Оларды қалпына келтіру үшін шамамен 2,3 миллиард теңге қажет. Қазіргі таңда өңірде қауіп жоқ, жағдай тұрақты. Төтенше жағдайлар бойынша жауапты мекемелер азаматтық қорғаныс алгоритміне сәйкес тиісті шараларды қолға алды.
Жалғасбек Әбдуәлиев, облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы:
- Сейсмология орталығымен тығыз байланыстамыз. Мынау болған жер сілкінісі және де қандай афтершоктар болып жатыр бәрінің ақпаратын алып жатырмыз. Кез келген төтенше жағдай туындау мүмкіндігі болған кезде біз міндетті түрде халықты хабардар етеміз. Қазіргі таңда Меркі ауданында 37 зардап шеккен халықты қабылдау бекеті бар. Тұрар Рысқұлов ауданында 34 қабылдау пункті бар.
Қызылордалық өнертапқыш оқушылар донорларға арналған смарт-қосымша жасады . Жобаның мақсаты- тұрақты донар ...
Тау-кен металургия саласын мониторинг жасаудың жаңа құралы кеңінен қолданысқа енгізіліп жатыр. Ол бақылау к ...
Иран мен Ирак әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстаннан қатынайтын ұшақтардың бағыты өзгеруі мүмкін. Air ...