
Желіде Қаскелеңдегі сот залынан күдікті ер адам қашып кеткені жөнінде жазба жарияланды. Алматы облыстық полиция департаментінің өкілдері ақпаратты растап, қашқынды ұстау бойынша шаралар кешені қабылданғанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Telegram-дағы egovpress арнасында 1 сәуірде Қаскелеңдегі аудандық сот аумағынан 1995 жылғы күдікті қашып кеткені жөнінде жазба жарияланды.
"Кей ақпарат көздерінің хабарлауынша, 1 сәуірде сағат 10:35-те Алматы облысы Қаскелең қаласындағы аудандық сот аумағынан Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2 бөлігі бойынша күдікті қашып кеткен. "Сирена" арнайы жоспары енгізілді", — делінген жазбада.
Кейін бұл жазбаға қатысты KAZ.NUR.KZ тілшісіне Алматы облыстық ПД өкілдері түсінік берді.
"Тергеумен қамалған М.-ға қатысты қашу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қашқынды ұстау бойынша шаралар кешені қабылданды. Сонымен қатар болған жайттың мән-жайын анықтау мақсатында қызметтік тексеріс тағайындалды", — делінген хабарламада.
Полиция азаматтардан сабыр сақтауды және іздеудегі адамның мекенжайын білген жандарға 102-ге қоңырау шалып, хабарлауды сұрады.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Айттан кейін ораза қарызын өтеген дұрыс па, әлде Шәууәл айының нәпіл оразасын ұстаған жөн бе
01.04 -