Апельсин шырынының ағзаға қандай пайдасы бар?
Апельсин шырыны көпшілік үшін жай ғана таңғы аста ішетін сусын болғанымен, жаңа зерттеулер оның ағзаға әсері әлдеқай ...
Отандық дәрігерлер алғаш рет балаларға нейромодуляция тәсілімен ота жасады. Алматы балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының базасында урологтар мен нейрохирургтар бірігіп, екі баланың қуығына тың тәсілмен ем қолданды. Науқастардың бірі бұған дейін іріңді парапроктитпен ауырған. Екінші жағдай – жұлын жарығы бар бала. Екі ота да сәтті өтті. Бұл жолы Беларусь елінен келген маман тәжірибесі алмасты. Бұдан былай қазақстандық дәрігерлер бұл тәсілді өз беттерінше қолдана береді. Мамандардың айтуынша, бұл – балалар нейрохирургиясы мен урологиясы саласындағы нағыз серпіліс.
Рахым Ахан, балаларға шұғыл медициналық жәрдем орталығының нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі:
Бұл ересектерге жасалынған операцияның түрі. Ал балаларға енді енгізіліп жатыр. Бұл балалардың жамбас мүшелерінің бұзылысы кезінде зәрін ұстамау, үлкен дәретін ұстамау кезде жасалатын ота түрі болып есептеледі. Бұл бағыт бойынша қазақстандық нейрохирургтер жұмыс істеп жатыр. Енді енгізіліп жатқан отаның түрі.
Айдана Қуантхан
Апельсин шырыны көпшілік үшін жай ғана таңғы аста ішетін сусын болғанымен, жаңа зерттеулер оның ағзаға әсері әлдеқай ...
Скрининг ретинопатия қаупі бар 6225 баланың 17 пайызында сырқат белгілерін анықтаған. Олардың 399-ына жедел ем жасалды ...
Ақ үй тексеру нәтижелерін жариялады. АҚШ президенті Дональд Трамп қазан айында МРТ-дан өткен болатын. Ақ үй те ...