Абай облысында қасқыр атып алған жас жігіттің басы бәлеге қалды
Абай облысының Көкпекті ауданының полициясы заңсыз қасқыр атып алған 28 жастағы жігітті анықтап, оған айыппұл ...
Аягөз ауданының прокуратурасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау жұмыстарына 200 млн теңге сомасында бір көзден мемлекеттік сатып алуды заңсыз жүргізгенін анықтады.
Сатып алу жалғыз мердігерден жүзеге асырылған, бұл өзге әлеуетті жеткізушілердің қатысу мүмкіндігін шектеді.
Прокуратураның ұсынуын қарау нәтижесінде заңсыз жасалған шарт бұзылып, қызметтерді сатып алу рәсімі бәсекелестік ортаға қайтарылды.
Заң талаптарын бұзғаны үшін бөлім басшысы ӘҚБтК-нің 207-бабы 11-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 100 АЕК (393 200 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Бұдан бөлек, осыған ұқсас мемлекеттік сатып алу саласындағы құқық бұзушылықтар үшін аудан әкімінің орынбасары мен 6 ауылдық округтің әкімдері әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оларға жалпы сомасы 1,3 млн теңге айыппұл салынды.
Абай облысының Көкпекті ауданының полициясы заңсыз қасқыр атып алған 28 жастағы жігітті анықтап, оған айыппұл ...
Биыл Абай облысына көші-қон бағдарламасымен 198 қандас және өзге өңірлерден 221 адам қоныс аударды, деп хаб ...
Қараусыз жануарлар жол-көлік оқиғаларына жиі себеп болатыны мәлім. Абай облысында дрондар малдың бақылаусыз жайылуын ...