Тіл туралы заң: қоғамдық тамақтану орындарына қандай талап қойылады?
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Әлемдегі ең бай адамдардың дәулеті $90,5 трлн жетті.
Әлемде бай-манаптар байыған үстіне байи түсті. Былтыр ең ауқатты адамдардың дәулеті 90 триллион доллардан асқан. Ал 23 миллион адамның дүние-мүлкі бір миллион доллардан асады. Бұлардың көбі АҚШ, Жапония, Германия және Қытай азаматтары. Былтыр бір ғана Американың өзінде 560 мың миллионер пайда болып, ауқатты америкалықтардың саны 8 миллионға жуықтаған. Оған федералды қор жүйесінің пайыздық мөлшерлемені төмендетуі себеп. Содан акциялар өскен. Ауқатты адамдардың көбеюіне жасанды интеллектің қарқынды дамуы да әсер еткен. Бір тәуірі есепсіз ақшаны ел-жұрттың игілігіне жұмсайтындар бар. Әлемдегі ең бай 20 адамның қатарындағы америкалық Билл Гейтс 200 миллиард долларын Африка халқының денсаулығы мен ілім-білім алуына жұмсайтынын жария етті. Бірақ Майкрософт компаниясының негізін қалаушы кәсіпкердің ақшасы бұған жетпейді. Қазіргі дәулеті 117 миллиард доллар шамасында. Бірақ Билл Гейтс мырза қайырымдылық қорына қаржыны алдағы 20 жылда салуға ниет танытып отыр.
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Альбина Ержанова, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының тас және қола дәуірі археологиясы бөліміні ...
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...