7 жасар қазақ баласы шахматтан әлем чемпионы атанды
Астаналық жас шахматшы Абдул-Мәлік Қайрат Сербияның Врнячка-Баня қаласында өткен мектеп оқушылары арасында ...
Грек-рим күресінен әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Нұржан Асан АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында екі аптаға созылған шеберлік сабағын сәтті аяқтады. Бұл – шетел төрінде қазақ балуанының білігіне берілген зор баға әрі ұлттық спорт мектебінің абыройы.
2025 жылдың 26 мамырында басталып, 7 маусымға дейін жалғасқан бұл шеберлік сабағы Америкадағы жас спортшылар мен бапкерлерге тың серпін беріп, үлкен қызығушылық тудырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Нұржан Асан өзінің көпжылдық тәжірибесін бөлісіп, әлемдік ареналарда шыңдалған күрес тәсілдерін көрсетті. Жергілікті клубтар мен жаттықтырушылар қазақ балуанының кәсіби шеберлігіне ерекше тәнті болып, оны Лос-Анджелеске арнайы шақыртып, жол және тұру шығындарын өз мойындарына алған. Бұл – спортшыға көрсетілген зор құрмет пен сенімнің нақты көрінісі.
Мен үшін бұл – жай ғана шеберлік сабағы емес, қазақ күрес мектебінің рухын шетелде таныту. Америкадағы жастардың спортқа деген қызығушылығы жоғары. Олар тыңдауға, үйренуге өте ашық. Бұл – бапкер үшін үлкен мүмкіндік әрі жауапкершілік, – дейді Нұржан Асан.
Жас балуандар Нұржанның тәсілдерін «ерекше әрі тиімді» деп бағалап, ал америкалық бапкерлер оған «өз ісінің хас шебері» деп жоғары баға берді. Сабақ соңында кейбір клубтар оған АҚШ-та қалу туралы ұсыныс та білдірген. Бұл – Нұржан Асан үшін ғана емес, күллі қазақ спорты үшін мәртебе.
Басты мақсатым – қай елде болсам да, қазақтың намысын жоғары ұстау. Жас спортшыларға үйретіп жатқан әрбір әдісімнің түп-тамыры менің елімде жатқанын әрдайым айтып отырамын, – дейді балуан.
Ол әлемдік додаларда ел намысын абыроймен қорғап қана қоймай, енді халықаралық деңгейде бапкерлік тәжірибесін де шыңдап жүр. Лос-Анджелестегі бұл шеберлік сабағы – қазақ күресінің шетелге таралуына, ұлттық спорт мектебінің ықпалы артып келе жатқанына дәлел.
Астаналық жас шахматшы Абдул-Мәлік Қайрат Сербияның Врнячка-Баня қаласында өткен мектеп оқушылары арасында ...
Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында үш отандасымыз жартылай финалда жолдама алып ...
Қазақстан боксшы Назым Қызайбай Сербияда үш дүркін әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттіг ...