Президент: Елорда заманауи урбанистиканың үлгісі болуы керек
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі ме ...
Бүгін Үкіметте Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек China Gezhouba Group (ҚХР) Басқарма төрағасы Лю Хуайлянмен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Тараптар Қ.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін су құбырын салу жобасын талқылады.
Ұзындығы шамамен 200 км су құбырынан басқа, тәулігіне 342 мың текше метр үш су құбыры сорғы стансасы және өнімділігі тәулігіне 210 мың текше метрді құрайтын №4 сорғы-сүзгі стансасын бірлесе салу жоспарланып отыр. Лю Хуайлян құрылыс-монтаж жұмыстары биылғы сәуір айында басталатынын мәлімдеді.
Кездесу барысында Роман Скляр инфрақұрылымдық жобаның тұрғындарды таза сумен үздіксіз қамтамасыз етудегі әлеуметтік маңыздылығын аймақты дамыту, тұрмыс сапасын жақсарту және тұрақты экономикалық өсуге негіз болатынын атап өтті.
Кездесу соңында тараптар жобаны іске асыру және ынтымақтастықты одан әрі нығайту бойынша белсенді жұмысты жалғастыруға келісті.
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі ме ...
Биылғы он бір айда Астанада жол-көлік оқиғасынан 675 бала зардап шеккен, 5 бала қаза болған. Мемлекет басшысы елор ...
БАӘ астанасында The Games of the Future Abu Dhabi 2025 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Алты күнге созылған ...