Алматы тауларында бақылау күшейтілді
"Шымбұлақтағы" жағдайдан кейін тұрғындарға тауға шығуға тыйым салынды. Алматы тауларында қар көшкіні қаупіне ...
Жыл соңына дейін республикалық жолдар толықтай заманауи жол сервисімен қамтылады.
Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Бүгінде елдегі трассаларда 1400-ден астам сервис нысаны бар. Оның 90%-і стандартқа сай келеді. Сонымен қатар жеке инвестиция есебінен тағы 88 жаңа нысан іске қосылмақ. Үкімет отырысында туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары да сөз болды. Жалпы елімізде туристердің келуі туралы онлайн-хабарлама ұйымдастырылған. Сондай-ақ саяхатшыларға арналған мобильді қосымша іске қосылды. Ірі әуежайларда QR-кодтары бар туристік карталар беріледі. Онда көші-қон заңнамасының ережелері, шұғыл қызметтердің байланыстары, такси, байланыс операторлары, аймақ карталары туралы ақпарат қамтылған. Өңірлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін туристік аймақтарда, ұлттық саябақтарда және туристік орындарда шет тілдерін меңгерген туристік полиция бөлімшелері жұмыс істейді. Онда бейнебақылау жүйелері, дабыл түймелері орнатылған. Үкімет басшысы еліміздің туристік тартымдылығын арттыруға қатысты мемлекеттік органдарға тапсырмалар берді.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Біз Қазақстанның шетелдік туристерге достық пейілі бар, емін-еркін, демалуға қолайлы ел ретінде тартымдылығын арттыру үшін қажетті жағдай жасауымыз керек. Бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылып жатыр, халықаралық әуе қатынастарын, теміржол және автокөлік бағыттарының географиясы кеңейтілуде. Шетелдік азаматтар үшін көші-қон рәсімін жеңілдету қолға алынды. Туристік локацияларда сапалы ұялы байланыс пен интернет болуға тиіс. Қонақүйлер мен туристер жиі баратын басқа да орындарда қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздік деңгейіне, сондай-ақ баға саясатының қолайлы болуына назар аудару керек. Аталған жұмысты Туризм, Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктері мен әкімдіктер бірлесіп жүргізуге тиіс.
"Шымбұлақтағы" жағдайдан кейін тұрғындарға тауға шығуға тыйым салынды. Алматы тауларында қар көшкіні қаупіне ...
Қазақстан елордасында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Инвесторлар қауымдастығының алғаш ...
Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады, деп х ...