
Бүгін мәжіліс кулуарында депутат Абзал Құспан қандай баптар бойынша сотталғандар рақымшылықтан үмітті бола алатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Депутаттың сөзінше, мұндағы жалғыз шарт, егер жеке тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол адам өліміне әкеп соқса, оларға рақымшылық жасалмайды.
"Адам өліміне әкеп соққан қылмыс болғандықтан оған рақымшылық актісі қолданылмайды", — деді депутат.
Журналистер одан "Ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы туралы хабарламау" бабы бойынша сотталғандар рақымшылыққа іліне ме деп, сұрақты нақтылады.
"Қылмысты хабарламау – ол 434 бап. Сондықтан ол (рақымшылыққа — ред. ескертпесі) жатады. Заң жобасының 4-бабында қандай баптар бойынша рақымшылық қолданылмайтыны көрсетілген. Егер ол қылмыстың ауыр және аса ауыр түрі болса, сотталғандар бостандыққа шықпайды, мерзімі қысқартылады", — деп түсіндірді Абзал Құспан.
Еске сала кетейік, 5 маусымда судья Ержан Жанұзақов Шерзат Болаттың өліміне қатысты атышулы іс бойынша үкім шығарды. Сотталғандардың қатарында қылмыс туралы хабарламағаны үшін кінәлі деп танылған кәмелетке толмаған азамат та бар, ол 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Шерзат Болаттың қазасы
- Шерзат Болат ісі: сот отырысының онлайн-трансляциясын 40-тан астам ел көрген
- Шерзат Болат ісі бойынша сотталғандардың туыстары сот шешімінен кейін қоғамдық тәртіпті бұзуға тырысты
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Президент Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясына мүше елдер парламенттерінің спикерлерімен кездесті
12.06 -