ЕО көшбасшылары мен Зеленский Трамппен кездесуінің алдында сөйлесті
Кездесу бейнебайланыс арқылы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап. Онлайн форматта ...
Биыл 5 айда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6% өскен. Мұндай нәтижеге бірқатар саладағы өсім қарқынының жеделдеуі ықпал еткен. Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша, өнеркәсіп өндірісі 6,4% артқан. Елдің 17 өңірінде жоғары көрсеткіш байқалды. Ауыл шаруашылығында да оң динамика бар. Өсім 4% құрады. Құрылыс саласы қарқынды дамып келеді, 15,4% көтерілді. Соның ішінде тұрғын үй құрылысы да бар.
Мамыр айына дейін 6 миллион шаршы метрден астам үй пайдалануға берілді, бұл былтырмен салыстырғанда 5,7% көп. Негізгі капиталға салынған инвестиция 18,2% артты. Мұндай тәуір нәтиже сауда айналымы, байланыс және телекоммуникация мен көлік саласында да байқалады. Үкімет елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жөніндегі Президенттің тапсырмаларының орындалуын жеке бақылауда ұстауды жалғастырып келеді.
Асылбек Данияр
Кездесу бейнебайланыс арқылы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап. Онлайн форматта ...
Алматыда мегаполистің 2040 жылға дейінгі дамуын айқындайтын негізгі қала құрылысының құжаты — қаланың Бас жоспарын түз ...
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Алматы қаласында әлеу ...