Қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетілді
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
Тау-кен металургия саласын мониторинг жасаудың жаңа құралы кеңінен қолданысқа енгізіліп жатыр. Ол бақылау картасы деп аталады.
Ол үшін алдымен стратегиялық маңызы бар кәсіпорындардың тізбесі жасалған. Оның құрамына персоналы 500 адамнан асатын қара және түсті металлургияның 24 компаниясы, сондай-ақ 250-ден астам адам жұмыс істейтін металл кендерін өндіретін 26 кәсіпорын кірді. Осылайша аталмыш салада алғаш рет – өндірістердің техникалық жай-күйін ғана емес, оларды жаңғырту деңгейін, қуаттарды кеңейту жөніндегі жоспарларды, сондай-ақ өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және экология саласындағы талаптардың сақталуын қадағалайтын мамандандырылған талдамалық құралдар енгізіліп отыр. Бұл бақылау карталары мемлекеттік органдарға жіберілді, ал олар бойынша жиналған деректер тау-кен металлургиясының негізгі кәсіпорындарын оңтайландыру және қолдау бойынша шешімдер қабылдау үшін пайдаланылып жатыр.
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...