Президент: Елорда заманауи урбанистиканың үлгісі болуы керек
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі ме ...
Елде «ХХІ ғасыр әкесі: әрекетке шақыру» декларациясы қабылданды, деп хабарлайды 24kz.
Мұнда бүгінгі әкенің рөлі, отбасындағы отағасының образы белгіленген. Құжат Астанада өткен «Әке. Отбасы. Қоғам» атты әкелер форумы аясында бекіді. Айтайық, келелі кеңес биыл оныншы мәрте ұйымдастырылып отыр. Оған өңірлерден 200 жуық жан қатысты. Олар қоғамдағы әкелер институтының қызметіне қарқын қосып, отбасылық құндылықтарды насихаттауға ниетті. Алқалы жиынның алаңында тұрмыстық тіршіліктегі түрлі түйткілдерді тарқатудың тетіктері талқыланды. Жиын Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы және Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтті.
Бекдайыр Күзембай, «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары:
- Заманауи әке баланың тұлға болып қалыптасуына өзінің, баланың ішкі дүниесіне үңіліп, баланың тұлға болып қалыптасуына әкелік өзінің көшбасшылығын көрсетіп, баланы осы қазіргі жаһандану, жасанды интеллект заманында бала неше түрлі депрессияға ұрынбау үшін әкемен сырласып отырып, осы қиындықтарды өту үшін, әке жауапты, саналы әке болу үшін осы декларацияда атап өтеміз.
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі ме ...
Биылғы он бір айда Астанада жол-көлік оқиғасынан 675 бала зардап шеккен, 5 бала қаза болған. Мемлекет басшысы елор ...
БАӘ астанасында The Games of the Future Abu Dhabi 2025 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Алты күнге созылған ...