Еліміздің оңтүстігінде жер сілкінді
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, с ...
Түркістан облысында браконьерлікпен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды. 16 адамнан құралған топ Сырдария өзені мен Шардара су қоймасында аса ірі көлемде балық аулап, сатумен айналысқан. Яғни бірі балық ауласа, енді бірі тасымалдаушы, тағы бірі сатушы болған. Кейбірі бұған дейін осындай қылмыстары үшін сотталғаны белгілі болды. Олардан бір тоннадан астам балық , 12 қайық пен қозғалтқыштар тәркіленді. 2 мың метрден астам балық аулау торы және басқа да браконьерлікке арналған құрал-жабдықтар алынды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, келтірілген залал көлемі 10 млн теңгеден асады. Қазір іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Айнұр Әбілқасымқызы
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, с ...
Зардап шеккендер жоқ. Қорғаныс министрлігі БҚО-да белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылысы тіркелгенін мәлі ...
Апаттың нақты неден болғаны туралы әзірге ақпарат жоқ. Техастағы Форт-Уорт маңында жеңіл моторлы Beech King A ...