«Ерекше қуандым»: Роза Рымбаеваның келіні сүйінші жаңалығымен бөлісті «ВИДЕО)
Белгілі әнші Әли Оқаповтың жары, Роза Рымбаеваның келіні, қобызшы Ақерке Бүркітбай қазақ эстрадасына жаңа ...
Қазақ эстрадасының жұлдызы Роза Рымбаеваның келіні Акерке Бүркітбайдың жаңа видеосы желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
15 маусым күні Акерке мен жұбайы, танымал әнші Әли Оқапов Instagram парақшасына жазғы стильде түсірілген бейнеролик жүктеді. Жарқын түстерге толы видеода ерлі-зайыпты ерекше көңіл-күйде көрінеді. Видеоның астына «Саған өз сезімімді түсіндіруге рұқсат ет» деген романтикалық сипаттағы жазба қалдырылған.
Алайда желі қолданушыларының көпшілігі видеоны жылы қабылдағанымен, кейбірі Акеркенің киімі – қысқа көйлегін сынға алды. «Ұят емес пе?» деп пікір қалдырғандар да табылды.
Қоғам пікірге екіге жарылды
Бір тарап Акеркені «келін» ұғымына сай емес киім киді деп сөгіп жатса, екінші тарап оны қорғап, қолдау білдірді:
«Пока жас әрі сұлу – неге мини көйлек кимеске? Ұят деген ұғымды орынсыз қолданудың қажеті жоқ. Әркім өз өмірін өзі сүреді», – дейді пікір жазушылардың бірі.
Тағы бірі:
«Күйеуі рұқсат берсе, кие берсін. Керісінше, жарасымды. Кейбір адамдардың іштарлығы ғой, әдемілікке күйетін».
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Акерке Буркитбай (@akerkeburkitbay)
Белгілі әнші Әли Оқаповтың жары, Роза Рымбаеваның келіні, қобызшы Ақерке Бүркітбай қазақ эстрадасына жаңа ...