Ауа райына байланысты төрт облыста республикалық жолдар жабылды
Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ...
Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеу бойынша ірі жоба іске асады. Бұл туралы «Орталық Азия – Қытай» екінші өнеркәсіптік және инвестициялық форумында айтылды.
Нәтижесінде 1500 жұмыс орны ашылып, өңір фермерлеріне тұрақты өткізу нарығы қамтамасыз етіледі. Қазірдің өзінде 300 мың тонна жүгері жеткізуге офтейк-келісімшарттар бар. Форум аясында бірқатар коммерциялық келісімдер жасалды. Мәселен Қазақстан мен Қытай құны 24 млрд доллардан асатын 58 құжатқа қол қойды. Олар әртүрлі бағыттарды қамтиды. Тағы бір Қытай компаниясы Түркістан облысында құны 420 млн доллар мақта кластерін құру жобасын жасайды. Бұл бастама мақтаны өсіруден бастап дайын тоқыма өнімін шығаруға дейінгі өндірісті қамтиды. Ал Ақмола облысында астықты толық өңдеу кешенін салуға инвестиция құйылады. Өндіріс глютен, крахмал және басқа да өнімдерді шығаруға бағытталады. Мамандардың айтуынша, бұл келісімдер еліміздің инвестиция, логистика және бірлескен өнеркәсіптік даму салаларындағы өңірлік хаб ретіндегі рөлін күшейтеді.
Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ...
2030 жылға дейін Қазақстанда 1000-ға жуық жолаушылар вагоны жаңартылады 2026 жылы Қазақстанға 91 жаңа жолаушылар в ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...