Тоқаев ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқыққа қайшы контентті шектеуге бағытталған заңға қол қойды. Құжат педофилиян ...
Әуежайда кепілге алынған адамды құтқарған Мұса Әбдірайым "Ерлігі үшін" медалімен наградталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Мұса Сайранбайұлы Әбдірайым "Ерлігі үшін" медалімен наградталды, — деп жазылған хабарламада.
7 наурызда Алматы әуежайында қолында суық қаруы бар ер адам қызметкерді кепілге алды. Желіде әуежайда түсірілген видео тарады. Кадрлардан қолында пышағы бар ер адам қыздың шашынан ұстап алғанын байқауға болады. Оқиға ішкі терминалда болған.
Әуежайдың баспасөз қызметі мәліметінше, ер адам өзін жолаушы ретінде көрсетіп, рейс алдындағы қауіпсіздік аймағына жақындаған. Қызметкерлер одан құжатын сұраған кезде ол қызметкерді пышақпен қорқытқан. 7 минуттан кейін шабуылдаушыны полиция мен авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері ұстады. Ол қамауға алынды.
Артынша Президент Алматы әуежайындағы оқиғаға қатысты батыл азаматты марапаттауды тапсырды.
Cондай-ақ, оқиғаның тағы бір видеосы тарады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқыққа қайшы контентті шектеуге бағытталған заңға қол қойды. Құжат педофилиян ...
Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп ...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше күтімді қажет ететін балаларға жағдай жасау мәселесін көтеріп, Үкімет п ...