Қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетілді
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
Жуырда отандық суперкомпьютер іске қосылады.
Бұл туралы "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының төрағасы Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Айтуынша, әлемде қуатты саналатын NVIDIA H200 (ЭнВидиа Эйч 200) бейнекартасы Қазақстанға жеткізілді. Таяуда "Қазақтелекомның" деректер орталығы алаңында монтаждау жұмыстары басталып, маусым айының соңына дейін жалғасады. Ол мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға қолжетімді болады. Жаңа құрылғы техногенді апаттарды алдын ала модельдеуге мен медициналық диагнозды тез қоюға мүмкіндік береді. Шетелдік серверлерге тәуелді болмай, отандық жасанды интеллект өнімдерін іске қосуға болады.
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...