Қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетілді
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
Абай облысы Курчатов қаласында «Таза Қазақстан акциясы аясында 6500 түп ағаш егілді.
Оның ішінде терек, қайың, қарағай және жөке ағаштары бар. Бұған қоса 33 мыңнан астам гүл отырғызылды. Экологиялық акция аясында 300 тонна қоқыс жиналып, арнайы полигондарға жіберілген. 6 саябақ пен сквер абаттандырылып, 1 тарихи-мәдени нысан жөнделді. Мұндай тазалық шаралары қала келбетін көркейтіп ғана қоймай, әр адамды жауапкершілікке үйретеді, дейді қала тұрғындары. Жалпы жыл басынан бері акцияға 10 мыңнан астам адам үлес қосқан.
Гүлбаршын Михайличенко, Курчатов қаласының тұрғыны:
- Біз жұмыс талғамаймыз. Қоғамдық орындарды қоқыстан тазартамыз. Балалар саябақтарын ретке келтіріп, гүлдерге су құямыз. Қазір бұл жұмысқа жастар да белсенді атсалысып жатыр. «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы олар экологиялық мәдениетті қалыптастырады. Қоқыс шашуға болмайтынын, қоршаған ортаға жанашыр болу керектігін түсінеді.
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...