Қызылордада жаңа қойылған қоқыс контейнерлері 3 айға жетпей қирап қалды
Қызылорда қаласында орнатылған жаңа қоқыс контейнерлері бар-жоғы үш айдың ішінде жарамсыз күйге түскені жұртты ...
Әйгілі Эверест тауының шыңын қоқыстан тазалау үшін дрон қолданыла бастады, деп хабарлайды 24kz.
Альпинисттік құрал-жабдықтарды жоғарыға жеткізетін ұшу аппараты қалдықтарды төменге тасиды. Адам 7-9 сағат жүріп баратын жерге дрондар небәрі 3 минутта жетеді. Кейінгі деректер бойынша биіктігі 8850 метрден асатын Эверест шыңында 50 мың тонна қоқыс шашылып жатыр. Непалдық компания жергілікті билікпен бірлесе жұмыс істеп, соңғы 2 айда тау басынан 1 тонна қалдық түсірген.
Ринджи Шерпа, альпинист:
- Эверест шыңына жасалған алғашқы экспедициядан бері 75 жыл өтті. Әрине, қоқыс лақтырды деп ешкімді кінәлауға болмайды. Бірақ онда қазір қалдықтар мәселесі өте өткір. Жыртылған шатырлар, тамақ қалдықтары, бос оттегі баллондары – барлығы жиналып, қазір Эверест шыңын әлемдегі ең биік қоқыс полигонына айналдырды. Енді дрондар өміріне қауіп төнген адамдарды құтқаруға ғана емес, таудың экологиясын сақтауға да көмектеседі.
Қызылорда қаласында орнатылған жаңа қоқыс контейнерлері бар-жоғы үш айдың ішінде жарамсыз күйге түскені жұртты ...
Бастама Арал ұлтанының экожүйесін ұзақмерзімді қалпына келтіруге бағытталған. Егер бұл жоба күткен нәтижесін б ...
Бүгінгі шығарылымда: - Лондонда алғаш рет ЖИ сыныбы ашылды; - Аустралияның үш штатында ЖИ-ға тыйым салын ...