Астанада үстіне кондиционер құлаған 23 жастағы фельдшер көз жұмды
Дәрігерлер қажетті медициналық көмекті көрсеткен . Астанада тұрғын үйдің қасбеті құлап кетуі салдарынан ауыр ж ...
Сенат Мәжіліс қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екі оқылымда қарастырып, қабылдады.
«Бүгінде 3 миллионнан астам адам МӘМС жүйесіне тыс қалып отыр. Олардың ішінде шамамен 1 миллионы ресми тіркелген жұмыссыздар мен әлеуметтік осал топқа жатады. Заң жобасымен осындай азаматтар медициналық көмекке жүгінген жағдайда, олардың жарнасын жергілікті атқарушы органдар төлеуге қатысты міндетті жүктеу ұсынылып отыр. Жарна мөлшері өңірдегі орташа жалақыға байланысты есептелмек. Болжамға сәйкес, 2026 жылы ғана МӘМС жүйесіне қосымша 1 миллионнан астам адам тартылады, осылайша халықтың шамамен 5%-ын жоспарлы медициналық көмекке қол жеткізеді», – деді сенатор Айнұр Арғынбекова.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңда:
«Неке және отбасы туралы» Кодекс қорғаншылық және қамқоршылық органдарын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықталған жері бойынша медициналық ұйымдарға үш тәулікке дейінгі мерзімге уақытша орналастыруға міндеттейтін ережемен толықтырылды.