Келер жылы тұрғын үй бағасы қандай болады?
Қолданбалы экономиканы зерттеулер орталығының сарапшылары тұрғын үй нарығына қатысты жаңа бағалау ұсынды. Олардың ай ...
Соңғы күндері Павлодар облысында болған дауыл мен жауын тек ауа райының тосын мінезі емес, жергілікті шенеуніктердің шала жұмысын ашып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бірінен соң бірі ашылып жатқан жағдайлар, әсіресе құрылыс сапасына қатысты былықтар халықтың төзімін тауыса бастады.
Павлодар қаласының іргесіндегі Заря ауылы – соның нақты мысалы.
Павлодар ауданына қарайтын бұл елдімекенде “Нұрлы жер” бағдарламасымен салынған үйлердің бірі өткен аптада дауыл кезінде шатырынан айырылды. Енді, міне, түннен бері толассыз жауған жаңбыр үйдің ішін су қылып, тұрғындарды тағы бір сынаққа салды. Үй иесі: “Жарықты өшіріп отырмыз, тоқ соғып кетпей ме деп қорқамыз”, – дейді.
Бұл – жай ғана келеңсіздік емес, бұл – мемлекеттік қаражатқа салынған құрылыстың сапасына деген сенімнің күйреуі. Салыстыру үшін Ақсу қаласына көз жүгіртейік. Онда да дауыл болды.
Бірақ 2-3 күн ішінде әкімдік жағдайды реттеп, қираған нысандарды қалпына келтіріп шықты. Ақсу әкімдігі шын мәнінде әрекетке көшті.
Ал Павлодар ауданының әкімдігі ше? Дауылдан бері бір апта өтті. Шатыр сол күйі жабылған жоқ. Әкімнің әрекеті де, уәждері де халыққа жеткен жоқ. Журналист Болат Аманбаевтың “кабинеттен шықпайтын әкім” дегені бекер айтылмаса керек.
Қолданбалы экономиканы зерттеулер орталығының сарапшылары тұрғын үй нарығына қатысты жаңа бағалау ұсынды. Олардың ай ...
Тәуелсіздік күні қарсаңында Павлодар қаласының мектептерінде тарих апталығы өтті. Викторина, пікірсайыс алаңд ...
Думан Қыдырмоллаев, полковник, Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары ...