Қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетілді
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
Үкімет Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы 9,2 шақырым магистральдық жылу желілерін реконструкциялау жұмыстарын аяқтауға 3,6 млрд теңге бөлді.
Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Жалпы құны 13,8 млрд теңге болатын бұл жобаны іске асыру 2024 жылы басталды. Бүгінде жоба аясында екі құбырлы жүйемен 5,5 шақырым жылу желісі тартылды. Ескі болат құбырлар бөлшектеліп, олардың орнына заманауи құбырлар орнатылып жатыр. Сондай-ақ шаһарда 2024-2025 жылғы жылу маусымында анықталған 375 ақау толығымен жөнделді. Қаладағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 562 шақырым. Тозу деңгейі – 79%. Аталған жоба іске асырылғаннан кейін желілердің тозу деңгейі 75%-ға дейін төмендейді. Бұл тұрғындарды үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге, ыстық су өткізу қабілетін арттыруға және пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...