• 02-08-2025

Қан алатын робот

Қытайда арнайы қан алу мақсатында жасалған «MagicNurse» атты робот пайда болды. Ол адамның қолындағы тамырды өзі тауып, қан алады.

Оған жасанды интеллект пен тамырды анық көрсететін арнайы құрылғы орнатылған. Соның арқасында робот еш қателеспейді. 6 000 адамға сынақ жасалғанда, роботтың ә дегеннен тамырды дәл табу көрсеткіші 94,3% болған. Қазір оны ресми түрде медицинаға енгізуге рұқсат берілді және Қытайдағы ірі ауруханаларда қолданылады.