
Ол бір уақытта жүзден астам қонаққа қызмет көрсете алады .
10 наурызда Астананың оң жағалауында халықаралық стандарттарға сай әрі қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерімен байытылған жаңа мейрамхананың тұсауы кесілді. Бұл танымал I’M компаниясының қазақстандық бренд аясында ашқан алғашқы мейрамханасы болса, бренд желісінің 25-інші мейрамханасы саналады. Ол 117 орынға арналған.
Мейрамхананың ашылу рәсімінде таяуда ғана лондондық "Челсимен" Қазақстан футболы үшін рекордтық сомада келісімшарт жасасқан қазақстандық футболшы, "Қайрат" футбол академиясының 16 жастағы тәрбиеленушісі Дастан Сәтпаев автограф және фотосессия өткізді. Одан бөлек, қонақтар ойын-сауық бағдарламасын, иллюзионистердің өнерін тамашалап, байқауларға қатысты, сыйлықтарға ие болды.
"Жақсы көрші" тұжырымдамасы аясында әрбір мейрамхананы ашу алдында оған тиесілі аумаққа сапалы абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Мейрамхананың ашылуы ауданның дамуы үшін де маңызды қадам болып отыр: жаңа жұмыс орындары ашылып, қала тұрғындары мен қонақтарына сапалы әрі қолжетімді сервис көрсетіледі. Бренд жергілікті өндіріске басымдық беріп, қазақстандық өндірушілерді ең балғын да табиғи азық-түлікті өндіруге ынталандырады. Бұл өңір экономикасының дамуына оң ықпалын тигізеді", – делінген компанияның хабарламасында.
Еске салайық, I’M бренді 2023 жылы Қазақстанда McDonald’s мейрамханаларының жұмысы тоқтағаннан кейін құрылған болатын.
"Бүгінде бізде 1500-ден астам адам жұмыс істейді, ал орталық кеңсе менеджерлерінің 52 пайызы – өз мансабын мейрамханада бастап, компаниямен бірге өскен жандар. Жұмыстың бірінші жылында біз 16 миллионнан астам қонаққа қызмет көрсеттік, ал жоғары сұраныс болған кезеңдерде біз өткен жылдардың көрсеткішін басып оздық. Бұл бізді жоғары сапа үшін таңдайтын қонақтарымыздың сенімінің куәсі", – деді брендтің негізін қалаушы Қайрат Боранбаев.
Оқи отырыңыз: Бывшие рестораны McDonald’s получили новое название в Казахстане
Бүгінде желінің жаңартылған ас мәзірінде 200-ден астам позиция болса, оның қатарында Наурызға орай арнайы әзірленген отандық алғашқы Qazan Burger де бар. Компания елімізде HACCP жүйесін (тәуекелдерді және сыни бақылау нүктелерін талдау) енгізген санаулы брендтердің бірі, жеткізушілер барлық қажетті халықаралық сертификаттарға ие және жыл сайын аудиттен өтеді.
"I’M – адамгершілікті, әлеуметтік жауапкершілікті және экологияға қамқорлықты ұстана отырып, әлемдік деңгейдегі қазақстандық брендті қалай құруға болатынының үлгісі. Компания адамдарды тамақтандырып қана қоймай, жақсы істерге ынталандыруға персоналдан бастап қонақтарға дейін барша адамға ортақ жайлы орта құруға ұмтылады", – деді компания директоры Әсет Машанов.
Компания басшылығы алғашқы қазақстандық мейрамхана желісін алу арқылы Қазақстан үйден тыс жерде тамақтану индустриясын дамытуға сенімді қадам жасағанына сенімді. Бұл – халықаралық стандарттарды ендіру, жергілікті өндірісті қолдау және алдағы уақытта кеңейе түсуге жағдайлар жасау.