• 14-03-2025

ҚМГ басшысы арабиялық «ADNOC»-ты мұнай-газ жобаларын инвестициялауға шақырды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) басқарма төрағасы Асхат Хасенов АҚШ-қа жұмыс сапары барысында «Abu Dhabi National Oil Company» (ADNOC) бас директоры Сұлтан Ахмед Әл Джабермен кездесті. Кездесуде тараптар геологиялық барлау саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

А.Хасеновтің айтуынша, ҚМГ роуд-­шоуды сәтті аяқтап, геологиялық барлау жобаларына инвесторлар (отандық және халықаралық) тартты. Бүгінде ҚМГ жер қойнауын геологиялық зерттеу бағдарламасын жалғастыра отырып, сейсмикалық барлау жұмыстары жүргізілетін үш жаңа перспективті жобаны дайындады.

Бұдан бөлек, әңгімелесу барысында «ADNOC»-тың әлемдік дең­гей­­дегі көшбасшы компания екені, мұнай-газ химиясы өнеркәсібінде ын­тымақтастық құрудың айрықша мүмкіндігі бар екені де сөз болды. Сонымен қатар энергетикалық жүйе­ге көшу және ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық мәсе­лелері қаралды.

Асхат Хасенов ҚМГ өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтіп, «ADNOC» ком­паниясын отандық мұнай-газ жо­ба­ларына инвестиция құюға шақырды.

«ҚазМұнайГаз бен «Abu Dhabi National Oil Company» серіктестігі жобаларды жүзеге асырудың тиім­ділігін едәуір арттырып қана қой­май, Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін», деді ҚМГ басшысы.

Айта кетейік, «ADNOC» 1971 жылы құрылған, Абу-Даби үкіметіне толық тиесілі әртараптандырылған жетек­ші энергетикалық топ. Компания­ның интеграцияланған кәсіпорындар желісі энергетика саласының құны жоғары өнімінің барлық тізбегін қам­тиды. «ADNOC» әлемдегі көміртегі шы­ғарындысы аз, мұнай-газ өндіретін ең ірі компаниялардың бірі ретінде танымал.