Тіл туралы заң: қоғамдық тамақтану орындарына қандай талап қойылады?
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Жаңаөзенде заманауи үлгідегі өндіріс орыны ашылды.
Отандық зауыт мұнай-газ саласына қажетті құрал-жабдықтарды шығарады. Салтанатты шарада аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай инвестициялық жобаның өңірдің өнеркәсіптік өңдеу саласына серпін беретініне сенім білдірді.
Бұл зауыт ел Президентінің өнеркәсіп саласын нығайту және өңір әлеуетін әртараптандыру жөніндегі тапсырмасы негізінде тұрғызылды. «Кәсіпорын жергілікті мұнай-газ компанияларын қажетті құралмен қамтамасыз етіп, жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді. Сәйкесінше, Жаңаөзеннің әлеуметтік-экономикалық ахуалын көтеруге елеулі үлес қосатыны анық» — деді аймақ әкімі.
Нұрдәулет Қилыбай, облыс әкімі:
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының отандық өндірісті дамыту, отандық үлесті дамыту. Шикізаттан өндіріске көшу деген тапсырмасының аясында болып жатқан жағдай. Барша бизнес өкілдерін Маңғыстауға келіп, соның ішінде Жаңаөзен қаласына инвестиция салуыңызды сұраймыз. Бәсекеге сай болатын болса, бағасы дұрыс болатын болса мұнайшылар тарапы алуға дайын.
Жаңа кәсіпорын жылына 540 мың дана сорғы штангасын, 51 мың тонна футеровкалы сорғы-компрессорлық құбырларды шығарады. Толық өндіріс қуатына шыққан соң 250 адам жұмысқа алынады.
Жандос Ғазиз, "Каскор-Машзавод" ЖШС Бас директоры:
- Инвестиция бойынша 17,3 млрд ақша құйылды. Оның 12 млрды «Халық» банкі арқылы салынған қаражат. Және 5,3 млрд өзіміздің қаражатпен бастап жатырмыз. Жұмыспен қамтасыз етуді жоспарлап отырмыз осы Жаңаөзен тұрғындарын. Адамдарды алып осы жерден, бүгіннен бастап жұмыс бастауға дайынбыз.
Зәулім ғимарат республика күні қарсаңында Маңғыстауда іске қосылған сегізінші жоба. Төртеуі әлеуметтік, қалғаны туристік және өндірістік нысандар. Салтанатты шарада сала ардагерлері мен үздік жұмысшыларға облыс әкімі және кәсіпорын басшылығы Алғыс хат пен мерейтойлық медаль тапсырды.
Талғат Исламұлы, Ренат Досалиев
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Альбина Ержанова, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының тас және қола дәуірі археологиясы бөліміні ...
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...