Синоптиктер Астана тұрғындарына ескерту жасады
Қазгидромет Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz ...
Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызды инфрақұрылым салу жобаларын жүзеге асырып жатыр. Астанадағы Қ. Мұнайтпасов атындағы ескі стадионның орнына жаңасын салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 17,3 млрд теңге қаражат бөлу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, Қ.Мұнайтпасов атындағы орталық стадион 1936 жылы салынған. Қазіргі таңда ескі ғимарат жарамсыз болғандықтан толығымен бөлшектелген. Жаңа стадионның құрылысы 2025 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр.
«Спорт нысаны қозғалыс мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орындарды қоса алғанда, 3598 орынға есептелген. Стадион UEFA халықаралық стандарттарына сай салынады. Құрылыс аяқталғаннан кейін нысанды Астана қаласы әкімдігінің №8 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің балансына беру жоспарланып отыр», делінген хабарламада.
Жаңа стадион оқу-жаттығу жиындары үшін қолданысқа беріледі. Оны пайдалануға берілуі оқу-жаттығу үдерісін жақсартуға, спортшыларды дайындауға оңтайлы жағдай жасауға және олардың нәтиже көрсету мүмкіндігін арттыруға септігін тигізеді.
Бүгінде түрлі өңірлерде әлеуметтік маңызы бар 16 нысан салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 82 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Атап айтқанда, 1 музыкалық мектепті қосқанда 7 мектеп, 2 спорт кешені, көпсалалы аурухана кешені, облыстық жедел жәрдем стансасы, Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, жатақхана және 2 балабақша бар. Сонымен қатар қаражат Қызылорда облысындағы Арал ауданында сумен жабдықтау жүйелерін салуға және жаңғырту жұмыстарына бағытталған.
Қазгидромет Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz ...
Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында қала әкімі Жеңіс Қасымбек жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайт ...
Алып компаниялар 17 млрд теңге төледі. Оның ішінде BI Group және BAZIS компаниялары да бар. Бұл туралы Қаржы ...