Маңғыстауда биыл 31 мыңнан астам ағаш отырғызылады
Өңірде қалдықтарды басқару инфрақұрылымын дамыту үшін «Жасыл Даму» АҚ арқылы екі инвестициялық жоба қолға алын ...
Атырау университетінің студенттері құрылыс және өсімдік қалдықтарын кәдеге асыруға арналған жобаларды жүзеге асырмақшы, деп хабарлайды 24kz.
Бұған дейін экологиялық үйірме ретінде жұмыс істеген ұйым енді «Эко-Әлем» клубқа айналды. Оның құрамында 30-ға тарта студент, еріктілер мен ғалымдар бар. Былтыр жас ғалымдар түрлі құрылыс қалдықтары мен қамыстан бұйым жасауды қолға алған еді. Енді «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акция аясында бұл жобалар қаржыландырылып, өндіріске енетін болады. Үздік жобалар іріктеліп, көпшілік назарына ұсынылды.
Жанерке Мұстахим, жоба жетекшісі:
- Жалпы клубымыздың мақсаты – тек қана сенбіліктер емес, осы экологияның өміршеңдігін әрі қарай жалғастыру үшін түрлі экологиялық жобалар стартап жобаларға да қолдау жасау. Соның бірі – біздің «Стартап-2024» жобасының жеңімпазы әйнек қалдықтарынан шыны бұйымдар жасау жобасы. Атырау облысындағы макулатура, пластиктерді жинайтын ұйым содан өздері өнім шығарады. Біз 2022 жылдан бері сол ұйыммен жұмыс жасап келе жатырмыз.
Өңірде қалдықтарды басқару инфрақұрылымын дамыту үшін «Жасыл Даму» АҚ арқылы екі инвестициялық жоба қолға алын ...
Оралда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында қала тұрғындарына тазалық идеологиясы насихатталды. Жаст ...
Бурабай көлінің жағасында «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет пор ...