"Марокко, Алжир, Мысыр және Вьетнам": Қазақстандық астық әлемнің қанша еліне эскпортталғаны айтылды
"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ 2024-2025 маркетингтік жылдың қорытындысы бойынша рекордтық көлемде, яғни ...
Биыл Маңғыстау облысында ауыл шаруашылығы саласында 38 млрд теңгеге жуық өнім өндірілді.
Мал шаруашылығы бойынша өнім шығару көлемі 22,4%-ға артқан. Бұл туралы облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жергілікті өнімдердің қолжетімділігін арттыру мақсатында сыйымдылығы 4 мың тонна болатын заманауи көкөніс сақтау қоймасы салынуда. Әкімнің айтуынша, өңірдің табиғи ерекшеліктеріне сай Маңғыстауда түйе шаруашылығы, балық кәсібі және туризм бағыттары қарқынды дамып келеді.
Бүгінде Маңғыстау облысында 95 мыңға жуық түйе тіркелген. Түйе сүтін терең өңдеп, экспортқа шығару бағытында үш ірі жоба жүзеге асуда. Ал биыл түйе сүтін автоматтандырылған әдіспен сауатын цех ашылды.
Жалпы өңірде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша 2025-2027 жылдары 23,6 млрд теңгеге 15 инвестициялық жоба іске асырылады. Бұл ішкі нарықты табиғи әрі жергілікті өнімдермен қамтамасыз етуге жол ашады. Сонымен қатар, ветеринариялық жүйені жаңғырту аясында 43 ветеринариялық пункт пен 1 станция пайдалануға берілмек.
"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ 2024-2025 маркетингтік жылдың қорытындысы бойынша рекордтық көлемде, яғни ...
Форумға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және алыс шетелдің 150-ге жуық делегаты қатысады. 2026 жылғы 14-15 ақпанд ...
Маңғыстау облысындағы Үстірт қыраты аумағында сирек әрі аса сақ жыртқыш дала мысығы фототұзаққа ілікті, — д ...