Өзбекстан тұңғыш ғарышкерін ұшыруы мүмкін
Өзбекстан тұңғыш ғарышкерін ұшыруға дайындалып жатыр. Бұл туралы жыл қорытындысы бойынша халыққа және Парлам ...
Павлодар облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасымен кейінгі екі жылда 30 денсаулық сақтау нысаны бой көтерді. Бұл он бес мыңдай адамды сапалы медициналық көмекпен қамтуға мүмкіндік берді.
Облыстың шалғай жатқан ауылдарында ескі ғимараттардың орнына жаңа медициналық нысандар салынды. Озық үлгіде денсаулық сақтау мекемелері заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
Арман Исақаев, Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының стратегиялық даму және инновациялық технологиялар бөлімінің басшысы:
- Соңғы үш медициналық нысан ХҚО-да тіркеуден өтіп, рұқсат құжаттарын алу кезеңінде тұр. Барлық медициналық нысандар тиісті жабдықтармен толық қамтылған. Олардың қатарында телекардиограф, инфузомат, спирограф, дефибриллятор, сондай-ақ сапалы медициналық көмек көрсетуге арналған физиотерапиялық аппараттар бар.
Жаңа ғимараттарда барлық қажетті жағдай жасалған. Емшара кабинеттерінен бастап дәріхана пункттеріне дейін бар. Жергілікті жерде заманауи медициналық жабдықтар болғандықтан, ем іздеген ауыл тұрғындары бұрынғыдай ауданмен облыс орталығына сабылмайды. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірде 30 медициналық нысан бой көтерді.
Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Марат Игіліков
Өзбекстан тұңғыш ғарышкерін ұшыруға дайындалып жатыр. Бұл туралы жыл қорытындысы бойынша халыққа және Парлам ...
Еліміздің 340 мыңға жуық педагогі жасанды интеллект мүмкіндіктерін кәсіби деңгейде қолдануды үйренді. Бұл тур ...
Шаруа баққан ағайын еңбегінің өтеуін көргені жақсы. Баға төмен болса, ала жаздайғы еңбек зая кетеді. Қып-қызы ...